Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 7/54 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 6753 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қазандағы № 3/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 10.10.2023 № 3/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы "Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы" № 724 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

      3. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі "Качир ауданы Бобровка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 11/33 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4081 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала мен заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Аменова
      Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Баяндинов

  Тереңкөл аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 10 наурызы
№ 7/54 шешімімен
бекітілген

Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      1. Осы Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін белгілейді.

      2. Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      3. Бөлек жиынды Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Тереңкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудын алдында Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Тереңкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны ауыл тұрғындарынан тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тереңкөл ауданы Бобровка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Бобровского сельского округа района Тереңкөл

Решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 10 марта 2020 года № 7/54. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 17 марта 2020 года № 6753. Утратило силу решением маслихата района Тереңкөл от 10 октября 2023 года № 3/7

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 10.10.2023 № 3/7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Указом Президента Республики Казахстан от 4 августа 2018 года № 724 "О переименовании Качирского, Лебяжинского районов Павлодарской области", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, маслихат района Тереңкөл РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Бобровского сельского округа района Тереңкөл.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Бобровского сельского округа района Тереңкөл для участия в сходе местного сообщества в количестве 1 (один) % от общего числа жителей села.

      3. Признать утратившим силу решение Качирского районного маслихата от 26 сентября 2014 года № 11/33 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Бобровского сельского округа Качирского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4081, опубликованное 14 октября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата района Тереңкөл по социальной сфере и законности.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата района Тереңкөл Г. Аменова
      Секретарь маслихата района Тереңкөл С. Баяндинов

  Утвержден
решением маслихата
района Тереңкөл
от 10 марта 2020 года № 7/54

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории
Бобровского сельского округа района Тереңкөл

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Бобровского сельского округа района Тереңкөл разработан в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливает проведение раздельного схода местного сообщества жителей сел на территории Бобровского сельского округа района Тереңкөл.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее – раздельный сход) на территории Бобровского сельского округа района Тереңкөл созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

      3. Раздельный сход созывается акимом Бобровского сельского округа района Тереңкөл.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима района Тереңкөл на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельного схода и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел организуется акимом Бобровского сельского округа района Тереңкөл.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей Бобровского сельского округа района Тереңкөл, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом Бобровского сельского округа района Тереңкөл или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Бобровского сельского округа района Тереңкөл или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом района Тереңкөл.

      Количество представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства от жителей села.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Бобровского сельского округа района Тереңкөл.