Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қазандағы № 2-19/158 ұсынысы негізінде, Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі "Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі | К. Абсалямов |