Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 6954 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қыркүйектегі № 1-13/124 ұсынысы негізінде, Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жанақұрылыс ауылдық округінің әкімі К. Абсалямов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады