Карантинді тоқтату және Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі "Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қарашада № 7038 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қазандағы № 2-19/158 ұсынысы негізінде, Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында жоғары патогенді құс тұмауын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі "Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі К. Абсалямов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады