Алматы қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 4/509 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қарашада № 1665 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларында және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы "қарақұмық жармасы (ядрица, салмақтық)" килограмына 361 теңге мөлшерінде, күнтізбелік 90 күн мерзімге бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары в городе Алматы

Постановление акимата города Алматы от 18 ноября 2020 года № 4/509. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 20 ноября 2020 года № 1665. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" и Правилами установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них", утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282, акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить предельно допустимую розничную цену на социально значимый продовольственный товар "крупа гречневая (ядрица, весовая)" в размере 361 тенге за килограмм, сроком на 90 календарных дней.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление предпринимательства и инвестиций города Алматы" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим официальным опубликованием в периодических печатных изданиях и размещение на интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Кикимов М.С.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Сагинтаев