Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларында және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы "қарақұмық жармасы (ядрица, салмақтық)" килограмына 361 теңге мөлшерінде, күнтізбелік 90 күн мерзімге бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |