Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 09.11.2021 № 4/566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабының 9-9) тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын, паркингтерін) пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласының әкімі 2020 жылғы 20 қарашасы № 4/518 Қаулысына қосымша |
Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарын (автомобиль
қоятын орындарын, паркингтерін) пайдалану қағидалары
Ескерту. Көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы және бүкiл мәтiн бойынша "ережелері", "ережелер", "ережелерде", "ережелерінің" деген сөздер "қағидалары", "қағидалар", "қағидаларда", "қағидаларының" деген сөздермен ауыстырылсын - Алматы қаласы әкімдігінің 09.11.2021 № 4/566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын, паркингтерін) пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1998 жылғы 1 шілдедегі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңдарына сәйкес, коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану және пайдалану бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру, көше-жол желілерінің өткізу қабілетін арттыру, автомобиль қоятын орындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, көлік қоятын кеңістік нысандарында тәртіпті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында әзірленді.
1. Жалпы қағидалар
1. Қағидалар Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын, паркингтерін) (бұдан әрі – коммуналдық автотұрақ (автомобиль қоятын орын, паркинг) пайдаланудың бірыңғай тәртібін және пайдалануды белгілейді, пайдаланушы ұйымның автокөлік құралдарын автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға, паркингтерге) қоятын автокөлік құралдарының жүргізушілерімен қарым-қатынасын реттейді, пайдаланушы ұйымдардың қызметін реттейді, коммуналдық автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) жұмыс тәртібін, төлем жасау тәртібін және коммуналдық автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдаланудың басқа да мәселелерін айқындайды.
2. Барлық қолданыстағы және жоспарланған коммуналдық автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар, паркингтер) Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарының (автомобиль қоятын орындарының, паркингтерінің) бірыңғай желісіне кіреді.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) көлік қоятын орын аймағы – осы топқа көлік қоятын орын аймағының нөмірін бере отырып, көшелердің белгілі бір шаршысында топтастырылған тұрақ орындарының жиынтығы;
2) көлік қоятын орын сессиясы – көлік құралын коммуналдық ақылы автотұраққа (автомобиль қоятын орынға, паркингке) қою уақыты төленуге тиіс кезең;
3) пайдаланушы ұйым – автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
4) паркинг – көлік құралдарын сақтауға (қоюға) арналған және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған, бір немесе көп деңгейлі инженерлік құрылысты немесе арнайы ашық алаңды қоса алғанда, арнайы жабдықталған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін), құрылысты (құрылыстың бір бөлігін) білдіретін аумақ.
2. Коммуналдық автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды,
паркингтерді) пайдалануға беру
4. Коммуналдық автотұрақты (автомобиль қоятын орындарды, паркингті) пайдаланушы ұйым:
1) автотұрақ (автомобиль қоятын орын, паркинг) жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін;
2) автоматтандырылған көлік қоятын орын жүйесінің тиісінше қызмет етуін;
3) автотұрақ (автомобиль қоятын орын, паркинг) үшін төлемнің уақытында және дұрыс төленуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
5. Коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалануға беру өрт, санитарлық, құрылыс нормалары мен қағидаларынің талаптарына қатаң сәйкестікте орындалады.
6. Коммуналдық ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) орналасу жоспары уәкілетті органның ақпараттық ресурстарында орналастырылады. Пайдалануға берілетін коммуналдық ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) тізбесін уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
3. Коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын
орындарды, паркингтерді) пайдалану
7. Тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың) жұмыс тәртібі сағат 8.00-ден сағат 19.00-ге дейін белгіленген.
Ұсталған көлік құралдарын сақтауға арналған арнайы алаңдар немесе тұрақтар үшін тәулік бойы жұмыс режимі белгіленген.
Жерасты паркингтері, жер бетіндегі жабық үлгідегі (көп деңгейлі) автомобиль қоятын орындардың, механикаландырылған автомобиль қоятын орындардың, алаңдық үлгідегі автомобиль қоятын орындар және қиылыстағы автомобиль қоятын орындардың жұмыс тәртібін олардың иесі анықтайды.
8. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) ақы төлеу тиісті автомобиль қоятын орын аймағында белгіленген электрондық терминал арқылы не пайдаланушы ұйым айқындаған және ақпараттық қалқанда (тақтайшада) немесе пайдаланушы ұйымның ақпараттық ресурстарында көрсетілген өзге де тәсілмен алдын ала төлем жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Тротуар үлгісіндегі автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның) пайдаланушы ұйымы көлік құралының жүргізушілеріне пайдаланушы ұйым анықтаған және оның ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәсілдермен ағымдағы күннің 23 сағат 59 минутына дейін тұрақтауды жүзеге асыру фактісі бойынша төлем жүргізуге мүмкіндік беруге құқылы.
10. Тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда) көлік құралының жүргізушісіне, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, ақы төлеуді талап етпейтін көлік құралын автотұраққа (автомобиль қоятын орынға) қойған кезден бастап алғашқы он бес минут ішінде жеңілдікті кезең беріледі.
Көлік құралын тротуар үлгісіндегі автотұраққа (автомобиль қоятын орынға) қою он бес минуттық кезеңнен асқан жағдайда, көлік құралының жүргізушісі көлік құралын автотұраққа (автомобиль қоятын орынға) қойған сәттің бірінші минутынан бастап төлем жасайды.
11. Тротуар үлгісіндегі коммуналдық ақылы автотұрақта (автомобиль қоятын орынға) көлік қоятын тұрақ сессиясы көлік құралын көлік қоятын тұраққа қойғаны үшін алдын ала төлем жасалған сәттен бастап төленген мерзім аяқталғанға дейін немесе көлік қоятын тұрақ орнын босатқан уақытқа дейін созылады. Көлік қоятын тұрақ төлемі аяқталғаннан кейін, төлемді кейінге қалдыру функциясын қолдана отырып төлеген жағдайда, көлік қоятын тұрақ сессиясы көлік құралын автотұраққа (автомобиль қоятын орынға) қоюдың бірінші минутынан бастап көлік қоятын тұрақ орнын босатқан уақытқа дейінгі уақыт болып табылады.
12. Алаңдық үлгідегі автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда), жерасты паркингтерінде, қиылыстағы автомобиль қоятын орындарда және жабық үлгідегі жер үстіндегі (көп деңгейлі) автомобиль қоятын орындарда көлік қоятын тұрақ сессиясы көлік қоятын тұраққа ақы төлегеннен кейін кіру кезінде көлік қоятын тұрақ картасын алған сәттен бастап көлік қоятын тұраққа төлегеннен кейін шығу кезінде оны қайтарғанға дейін созылады.
13. Алаңдық үлгідегі автотұрақтарда (автомобиль қоятын орындарда), жерасты паркингтерінде, қиылыстағы автомобиль қоятын орындарда және жабық үлгідегі жер үстіндегі (көп деңгейлі) автомобиль қоятын орындарда, сондай-ақ ұсталған көлік құралдарына арналған арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда ақы төлеу коммуналдық ақылы автотұрақтың (автомобиль қоятын орынның, паркингтің) иесі айқындаған және оның ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәртіппен автотұрақты жүзеге асыру фактісі бойынша жүзеге асырылады.
14. Коммуналдық ақылы автотұрақта (автомобиль қоятын орында, паркингте) көлік құралының жүргізушісі:
1) оқылатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын орналастырады;
2) жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтайды;
3) көлік қоятын тұрақ орнын пайдалану үшін төлемді қолданыстағы тарифке сәйкес және белгіленген тәртіппен төлейді;
4) көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің сәйкестендірілуіне кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға тиіс.
4. Көлік қоятын тұрақ орындарын пайдаланудың ерекше шарттары
15. Коммуналдық ақылы автотұрақтардағы (автомобиль қоятын орындардағы, паркингтердегі) тегін тұрақ орындарын тиісті растайтын құжат негізінде азаматтардың мынадай санаттары (меншік иелері) пайдаланады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың заңды өкілдері;
3) "Алтын Алқа" және "Күміс Алқа" алқаларымен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
5) тікелей қызметтік міндеттерді орындау кезінде қызметтік мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көк және қызыл түсті жарқылдайтын арнайы маяктармен және арнайы дыбыс сигналдарымен жабдықталған арнайы автокөліктердің жүргізушілері.
Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 09.11.2021 № 4/566 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Коммуналдық автотұрақ (автомобиль қоятын орын, паркинг) иесі коммуналдық ақылы автотұрақта (автомобиль қоятын орында, паркингте) тиісті таңбалармен, ақпараттық көрсеткіштермен немесе жол белгілерімен белгілеп, коммуналдық ақылы автотұрақта (автомобиль қоятын орында, паркингте) мүгедектердің көлік құралдарына арналған арнайы көлік қоятын тұрақ орындарының болуын қамтамасыз етеді.
Мүгедектердің көлік құралдарына арналған көлік қоятын тұрақ орындарының саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленеді.