Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын, паркингтерін) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 20 қарашадағы № 4/518 (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тізілімінде № 1668 болып тiркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын, паркингтерін) пайдалану қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы және бүкiл мәтiн бойынша "ережелері", "ережелер", "ережелерде", "ережелерінің" деген сөздер "қағидалары", "қағидалар", "қағидаларда", "қағидаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Алматы қаласының коммуналдық ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын, паркингтерін) пайдалану ережелерінің 15-тармағы келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"15. Коммуналдық ақылы автотұрақтардағы (автомобиль қоятын орындардағы, паркингтердегі) тегін тұрақ орындарын тиісті растайтын құжат негізінде азаматтардың мынадай санаттары (меншік иелері) пайдаланады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың заңды өкілдері;
3) "Алтын Алқа" және "Күміс Алқа" алқаларымен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар;
5) тікелей қызметтік міндеттерді орындау кезінде қызметтік мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көк және қызыл түсті жарқылдайтын арнайы маяктармен және арнайы дыбыс сигналдарымен жабдықталған арнайы автокөліктердің жүргізушілері.".
2. "Алматы қаласының қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Д. Құсаиновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |