Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңының 24-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/5 шешіміне (2019 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық | |
мәслихат сессиясының төрағасы | С.Тимофеев |
Солтүстік Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В.Бубенко |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихаты | |
2020 жылғы 1 қазаны | |
№ 48/2 шешіміне | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихатының | |
2019 жылғы 4 қазандағы | |
№ 37/5 шешімімен | |
бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесі
№ р/с | Атауы |
1 | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының білімдік кәсіби-техникалық мекемелерінде омарташыларды оқыту |
2 | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының білім беру мекемелері мектеп асханаларының мүлкін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру |
3 | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі үшін 244 орынға арналған жатақхана салу |
4 | Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы "Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханалық-білімдік кластер құру |
5 | Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау объектілеріндегі жабдықтарды жаңғырту |
6 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы "Петерфельд орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру |
7 | Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында оңалту орталығын құру |
8 | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны үшін 244 орындық жатақхана салу және пайдалану |
9 | Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Жамбыл көшесі, 82 мекен жайында орналасқан "Олимп" облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дәмхана-асханасының мүлкінжаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру |
10 | Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қоқыс сұрыптау кешенін салу және пайдалану |
11 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Новоникольское-Андреевка-Бостандық-Новомихайловка" автомобиль жолына кірумен Есіл өзені арқылы көпір салу |
12 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы "Бескөл орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін "Бескөл мектеп-интернат-колледжі" біріктірілген білім беру ұйымын жаңғырту және құру үшін сенімді басқаруға беру |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы білім беру мекемелерінің аудандық мектептер асханаларының мүлкін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру |