Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қазанда № 5604 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2019 жылғы
4 қазандағы № 37/5 шешімімен
бекітідлі

Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 2019-2021 жылдарға арналған тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 01.10.2020 № 48/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

№ р/с

Атауы

1

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының білімдік кәсіби-техникалық мекемелерінде омарташыларды оқыту

2

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының білім беру мекемелері мектеп асханаларының мүлкін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру

3

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі үшін 244 орынға арналған жатақхана салу

4

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы "Ғабит Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханалық-білімдік кластер құру

5

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау объектілеріндегі жабдықтарды жаңғырту

6

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы "Петерфельд орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру

7

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында оңалту орталығын құру

8

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны үшін 244 орындық жатақхана салу және пайдалану

9

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Жамбыл көшесі, 82 мекен жайында орналасқан "Олимп" облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дәмхана-асханасының мүлкінжаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру

10

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қоқыс сұрыптау кешенін салу және пайдалану

11

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының "Новоникольское-Андреевка-Бостандық-Новомихайловка" автомобиль жолына кірумен Есіл өзені арқылы көпір салу

12

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы "Бескөл орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін "Бескөл мектеп-интернат-колледжі" біріктірілген білім беру ұйымын жаңғырту және құру үшін сенімді басқаруға беру

13

Солтүстік Қазақстан облысы білім беру мекемелерінің аудандық мектептер асханаларының мүлкін жаңғырту және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады