Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020–2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2020 жылғы 22 желтоқсандағы | |
№ 342 | |
қаулысына қосымша |
2020 – 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Оқу орындарының атауы | Білім беру саласының коды және сыныптамасы | Даярлау бағытының коды және сыныптамасы | Оқыту тілі | Жоғарғы білім негізіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны (орындар, гранттар саны) | Оқу жылындағы бір студентті оқыту шығынының орташа құны (теңге) | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі | |
4 айға | 8 айға | |||||||
1. | "Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R011 Денсаулық сақтау | орыс | 34 | 271 800 | 543 700 | "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2 | "Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R011 Денсаулық сақтау | орыс | 1 | 271 800 | 543 700 | |
3 | "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | орыс | 4 | 4 айға | 6 айға | ||
478 464 | 717 696 | |||||||
Барлығы | 39 |