2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 6844 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020–2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 22 желтоқсандағы
  № 342
  қаулысына қосымша

2020 – 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу орындарының атауы

Білім беру саласының коды және сыныптамасы

Даярлау бағытының коды және сыныптамасы

Оқыту тілі

Жоғарғы білім негізіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, күндізгі оқыту нысаны (орындар, гранттар саны)

Оқу жылындағы бір студентті оқыту шығынының орташа құны (теңге)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

4 айға

8 айға

1.

"Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

7R011 Денсаулық сақтау

орыс

34

271 800

543 700

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

"Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

7R011 Денсаулық сақтау

орыс

1

271 800

543 700

3

"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

7R011
Денсаулық
сақтау

орыс

4

4 айға

6 айға

478 464

717 696

Барлығы

39



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады