Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 6869 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 1189 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.09.2023 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 06.12.2022 № 1547 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай сараланған тариф белгіленсін:

      1) Интернет желісін және ұялы байланыс құрылғысын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға:

      ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;

      2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға:

      ересектерге – 130 (жүз отыз) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 65 (қырық) теңге мөлшерінде;

      2. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі бұзылған жағдайда, интернет желісін және ұялы байланыс құрылғысын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.

      3. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы Қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі Б. Жумабеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Петропавл қалалық

      мәслихатының хатшысы

      __________________ А. Бердағұлов

      2020 жылғы "___"____________

Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Петропавловске

Постановление акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 29 декабря 2020 года № 1447. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 30 декабря 2020 года № 6869. Утратило силу постановлением акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 19 сентября 2023 года № 1189

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 19.09.2023 № 1189 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", статьей 19 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", акимат города Петропавловска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 06.12.2022 № 1547 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Установить дифференцированный тариф на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа городского сообщения на территории города Петропавловска:

      1) на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа при безналичной оплате посредством электронной системы, включая сети Интернет и устройства сотовой связи:

      взрослым в размере – 80 (восемьдесят) тенге;

      детям в возрасте от семи до пятнадцати лет в размере – 40 (сорок) тенге;

      2) на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа при оплате наличными деньгами:

      взрослым в размере – 130 (сто тридцать) тенге;

      детям в возрасте от семи до пятнадцати лет в размере – 65 (шестьдесят пять) тенге.

      2. В случае неисправности системы электронной оплаты за проезд, пассажиры, осуществляющий оплату посредством электронной системы, включая сети Интернет и устройства сотовой связи, имеют право на бесплатный проезд.

      3. Коммунальному государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Петропавловска" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Петропавловска после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Петропавловска Б. Жумабеков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Секретарь Петропавловского

      городского маслихата

      __________________ А. Бердагулов

      "___"____________2020 года