Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.09.2023 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 06.12.2022 № 1547 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай сараланған тариф белгіленсін:
1) Интернет желісін және ұялы байланыс құрылғысын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға:
ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде;
2) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға:
ересектерге – 130 (жүз отыз) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 65 (қырық) теңге мөлшерінде;
2. Жол жүру үшін электрондық төлем жүйесі бұзылған жағдайда, интернет желісін және ұялы байланыс құрылғысын қоса алғанда, электрондық жүйе арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылардың тегін жол жүруге құқығы бар.
3. "Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы Қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі | Б. Жумабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Петропавл қалалық
мәслихатының хатшысы
__________________ А. Бердағұлов
2020 жылғы "___"____________