Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.09.2023 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 1447 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6869 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі |
Р. Анбаев |