Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 30.03.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 - тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Айыртау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Айыртау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Амрин |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Айыртау ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 3 желтоқсандағы | |
№ 333 қаулысына | |
қосымша |