Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 333 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 6810 болып тіркелді Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 121 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 30.03.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 - тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Айыртау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Айыртау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Амрин

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 3 желтоқсандағы
  № 333 қаулысына
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Р/с №

Автодүкенді және (немесе) шатырды (павильонды) орналастыру орындары

1

Антоновка ауылы:
1. Ленин көшесі, "Мечта" дүкені маңында;
2. Ленин көшесі, алаң .

2

Арықбалық ауылы, Центральная көшесі, "Эления" дүкеніне қарсы.

3

Саумалкөл ауылы, Достық көшесі, алаң.

4

Новоукраинка ауылы, "Камал" дүкені және пошта байланысы торабының алдындағы аумақ.

5

Айыртау ауылы, Советская көшесі, "Көкжайлау Грейн" жауапкершілігі шектеулі серіктестік кеңсесінің маңындағы алаң.

6

Гусаковка ауылы, Школьная көшесі, "Луч" дүкеніне қарсы алаң.

7

Новосветловка ауылы, Целинная көшесі, "Новосветловка ТМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайханасына қарсы.

8

Елецкое ауылы, Центральная көшесі, № 26 үйдің маңындағы аумақ.

9

Имантау ауылы, Ленин көшесі,№ 40 "А" үйдің маңындағы аумақ.

10

Казанка ауылы, Советская көшесі,"Роза" дүкеніне қарсы орталық алаң.

11

Аксеновка ауылы,Олимпийская көшесі, "Достық Дэн" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайхана мен демалыс орталығы арасындағы орталық алаң.

12

Карасевка ауылы, Мир көшесі, саябақ маңындағы аумақ.

13

Каратал ауылы, Орталық көшесі, бұрынғы дүкен ғимаратының жанындағы аумақ.

14

Константиновка ауылы, Советская көшесі, "Настюша" дүкенінің жанындағы алаң.

15

Құспек ауылы, Советская көшесі, "Новинка" дүкенінің жанындағы алаң.

16

Лобаново ауылы, Ленин көшесі, "Лобанов ауылдық округі әкімінің аппараты " коммуналдык мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимаратына қарсы аумақ

17

Шалқар ауылы, Центральная көшесі, "Ключи" жауапкершілігі шектеулі серіктестік кеңсесіне қарсы аумақ.

18

Нижний-Бұрлық ауылы, Центральная көшесі, "Ирина" дүкеніне қарсы алаң.

19

Дауқара ауылы, Наурыз көшесі, №3 үй маңындағы алаң.

20

Сырымбет ауылы, Школьная көшесі, "Айғаным" және "Абылайхан" дүкендерінің арасындағы алаң.

21

Кирилловка ауылы, Ленин көшесі, "Нурхан" дүкенінің маңындағы аумақ.

22

Каменный Брод ауылы, Школьная көшесі, "Руслан" дүкенінің маңындағы алаң.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады