Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және үйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 6-48-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 6811 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін косымша реттеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 5-48-2 шешімінің (2016 жылғы 3 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3723 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы,
XLVIII сессиясының төрағасы
Б. Жанахметов

  Айыртау аудандық
  мәслихатының
  шешіміне 1 қосымша
  2020 жылғы 9 желтоқсаны
  № 6-48-2

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары:

      1) Саумалкөл ауылы, орталық алаң. Шекті толтыру нормасы - 200 адам;

      2) Саумалкөл ауылы, МКР көшедегі алаң. Шекті толтыру нормасы 50 адам;

      3) Саумалкөл ауылы, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің Айыртау аудандық Мәдениет Үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынынан Ақан сері көшесі бойымен Ақан сері және Бәйкен Әшімов көшелерінің қиылысынына дейін, әрі қарай Бәйкен Әшімов көшесі бойымен Саумалкөл ауылының орталық алаңына дейін. Шекті толтыру нормасы - 300 адам. Маршруттың ұзындығы – 1 километр.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.

      Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      Төтенше соғыс, жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезінде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы "Соғыс жағдайы туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның 5 және 6-баптарының (бұдан әрі – Заң) талаптарын сақтау қажет.

      Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      Қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

  Айыртау аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 9 желтоқсандағы
  № 6-48-2 шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында іргелес аумақтардың шекарасынан 400 метрден жақын емес пикет жүргізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области

Решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 9 декабря 2020 года 6-48-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 15 декабря 2020 года № 6811

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Айыртауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Признать утратившим силу решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области" от 17 марта 2016 года № 5-48-2 (опубликовано 3 мая 2016 года в "Әділет" информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3723).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XLVIII сессии,
секретарь Айыртауского районного маслихата
Северо-Казахстанской области
Б. Жанахметов

  Приложение 1

      к решению Айыртауского

      районного маслихата

      от 9 декабря 2020 года

      № 6-48-2

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области

      Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости:

      1) село Саумалколь, центральная площадь. Норма предельной заполняемости – 200 человек.

      2) село Саумалколь, площадь на улице МКР. Норма предельной заполняемости – 50 человек.

      3) село Саумалколь, маршрут следования от государственного казенного коммунального предприятия "Айыртауский районный Дом культуры акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области" по улице Акана Сере до пересечения улиц Акан Сере – Байкен Ашимов, далее по улице Байкена Ашимова до центральной площади села Саумалколь. Норма предельной заполняемости – 300 человек. Протяженность маршрута – 1 километр.

      2. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний. Не допускается проведение мирных собраний в иных местах, за исключением пикетирования.

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении", Законом Республики Казахстан от 5 марта 2003 года "О военном положении" и Законом Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "О противодействии терроризму".

      При использовании специализированных мест для проведения мирных собраний организаторам и его участником необходимо соблюдать требования статьей 5 и 6 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее Закон).

      Отношения не регулируемые настоящим порядком регулируются в соответствий действующим законодательством Республики Казахстан.

      3. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.

      Меры по обеспечению общественной безопасности, а также медицинских, пожарных и иных служб безопасности осуществляется государственными органами.

  Приложение 2
  к решению Айыртауского
  районного маслихата
  от 9 декабря 2020 года
  № 6-48-2

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      1. На территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области не допускается проведение пикетирования не ближе 400 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.