Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 04 тамыздағы № 09-08/243 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің Сокологоровка ауылында Целинный көшесіне құтыру ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Қырымбет ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 11 маусымда № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2020 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық түрiндегi банкінде электрондық түрінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерiнің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6359 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Қ. Беркінәлі |