Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атыңдағы ауданы Қырымбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда № 6359 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округі әкімінің 10.09.2020 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 06 мамырдағы № 09-08/109 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің Сокологоровка ауылында Целинный көшесіне құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Қ. Беркінәлі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады