Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 қыркүйекте № 6530 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 04 тамыздағы № 09-08/243 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округінің Сокологоровка ауылында Целинный көшесіне құтыру ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Қырымбет ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 11 маусымда № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2020 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық түрiндегi банкінде электрондық түрінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерiнің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6359 болып тіркелген).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Қ. Беркінәлі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады