Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2-2 шешімінің (2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3740 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | Г.Сагандыкова |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Т.Абильмажинов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев | |
ауданының мәслихаты | |
2020 жылғы 9 қазаны | |
№ 42-2 шешіміне | |
1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары.
1) Булаев қаласы, Комаров көшесі, "Жастар" стадион алаңы. Шекті толу нормасы – 5000 адам.
2) Булаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі. "Достық" демалыс және мәдениет паркі. Шекті толу нормасы – 300 адам.
3) Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, Мағжан Жұмабаев бюсті алаңының алдында. Шекті толу нормасы – 200 адам.
4) Булаев қаласы, жүру бағыты "Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің халық өнерпаздары шығармашылығының және бос уақытты ұйымдастыру қызметі орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының алаңы алдындағы автомобильдік жол тұрағынан бастап Тахир Мұсаев көшесі бойынша, Тахир Мұсаев және Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысына дейін, Абай Құнанбаев көшесі бойынша "Жастар" стадионына дейін. Шекті толу нормасы – 400 адам, жүру бағытының ұзындығы - 700 метр.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.
Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді
Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы "Соғыс жағдайы туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6-баптарының (бұдан әрі - Заң) талаптарын сақтау қажет.
Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев | |
ауданының мәслихаты | |
2020 жылғы 9 қазаны | |
№ 42-2 шешіміне | |
2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында пикеттеуді іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге жол берілмейді.