Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда N 3740 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 09.10.2020 № 42-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Ж. Хайдарова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Әбілмәжінов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2-2 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу (бұдан әрі – Қосымша реттеу) "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті жердегі жағдайларды және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қоғамдық кеңесінің ұсынымдарын ескеріп әзірленді.
      2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
      3. Митингілер мен жиналыстарды өткізу жерлері:
      1) Булаев қаласы, Мәдениет үйі алаңы;
      2) Булаев қаласы, "Достық" саябағы.
      4. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өткізіледі:
      1) Булаев қаласы, Целинная және Юбилейная көшелерінің қиылысында орналасқан "Низкоцен" дүкенінен Юбилейная көшесі бойынша Мәдениет үйі алаңына дейін:
      2) Булаев қаласы, Батыр Баян және Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мағжан Жұмабаев ауданының қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінен Пушкин, Ы. Алтынсарин көшелері бойынша "Достық" саябағына дейін.
      5. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
      6. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу орындарында шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органымен келісусіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
      7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлердiң басқа қағидаларын бұзу болса немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, оларды өткізуге;
      8) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын, прекурсорларды қолдануға;
      9) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар, басқа да материалдар (визуалды, аудио/видео) пайдалануға, сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      7. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізу объектінің маңында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын қолдануға;
      3) пикет тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлауға рұқсат беріледі.
      8. Пикетті митинг, жиналыс, шеру немесе демонстрацияның басқа нысанына өзгерту, өзге түрде жалғастыру үшін белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің рұқсатын алу қажет.
      9. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінен жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті, демонстрацияны өткiзуден бас тартылған немесе оған тыйым салу туралы шешім шығарылған жағдайда уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындалған іс-шараларды тоқтату бойынша және ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша шара қолдануы қажет.
      10. Бұқаралық шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау), денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша:
      1) өтініш берілмеген болса;
      2) тыйым салу туралы шешім шығарылса;
      3) оларды өткізудің тәртібі бұзылса;
      4) азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;
      5) қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда тоқтатылады.
      12. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады