Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта атауы және мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 35 қаулысы (2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3103 болып тіркелді);
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 34 қаулысы (2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3104 болып тіркелді).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі |
В.Лукин |