"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 34 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 ақпанда N 3104 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 16.11.2020 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 1-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздығы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7) және 8) тармақшаларына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданын басқару сызбасы туралы" Мамлют ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 39/10 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЫЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 21.02.2017 № 45 қаулысымен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысы Қ.С.Сарбалиновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі

      Аудан әкімі Е. Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереженің күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 21.02.2017 № 45 қаулысымен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласында, заңнамамен қарастырылған шегінде салааралық үйлестікті және оның құзырына енгізілген қызмет саласының басқа да қызметтерін атқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:

      2.1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері болады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада бекітілген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін және Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған басқа да актілермен шешімдер қабылдайды.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 5.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение "Отдел ветеринарии Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – аудан аумағында агроөндірістік кешені саласында, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринарлық іс-шаралар саласындағы қызметті жүзеге асыру.

      15. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

      адам мен жануарлар үшін жалпы аурулардан тұрғындардың денсаулығын қорғау;

      ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамсыздандыру;

      басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таралуынан Қазақстан Республикасы аумағын қорғау;

      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;

      жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;

      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қорғашан ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

      ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;

      ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау.

      16. Функциялары:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;

      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;

      Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын профилактикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;

      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      ауылшаруашылық жануарлардың жеке нөмерлеріне қажеттікті белгілеу және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

      ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

      ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

      облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

      ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

      ішкі сауда объектілерінде;

      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

      уәкілетті органмен бекітілген тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын, сонымен қатар жануарлардың басқа ауруларын алдын алу, биологиялық материалын іріктеу және диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      уәкілетті органмен бекітілген тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жою;

      уәкілетті органмен бекітілген тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық және аса қауіпті ауруларын диагностикалау;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының функциялары:

      жануарлардыңдың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

      ауыл шаруашылығы жануарларын қодан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

      жануарлардыңдың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары салған мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының тыйым салмаған заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы өзге де қызметтер.

      17. Құқықтар мен міндеттері:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырады.

      19. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы жеткізілген штаттық саннын лимитіне сәйкес орынбасары болуы мүмкін.

      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бөлімі" мемлекеттік мекемесі жалпы жетекшілігін іске асырады;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық- техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз етеді, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін ұйымдастырады;

      4) қаражатты мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      5) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және жүктелген тапсырмаларды орындауда мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      6) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, қызметкерлерін марапаттау және қосымша ақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыры шегіндегі аудан әкімінің, әкімдіктің құқықтық актілердің, нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындауды ұйымдастырады;

      8) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      9) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және құзырларын анықтайды;

      10) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және марапаттау мәселелерін шешеді;

      11) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

      12) басқа ұйымдарда және барлық мемлекеттік органдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан жүреді;

      13) әйелдер мен ерлердің тең құқықты және тең мүмкіндіктеріне мемлекетті кепілдік туралы заңнаманы сақталуын қамтамасыз етеді;

      14) "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауларына жеке дара жауапты;

      15) заңнамамен сәйкес басқа өкілеттіліктерді де іске асырады.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі

      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Заңды тұлға және уәкілетті орган арасындағы қарым-қатынас

      25. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі болып табылады.

      Құрылтайшының мекен-жайы: индексі 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 5

      Құрылтайшы "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдерді қабылдайды, Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді.

6. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

7. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мекемелер тізімі:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады