Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 80/14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 6839 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 16 наурыздағы № 52/9 шешімінің (2016 жылғы 4 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3726 болып тіркелді) күші жойылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Кошанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы
Р. Нурмуканова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 80/14 шешіміне
  1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары:

      1) Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесіндегі "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют № 1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алаңы. Шекті толтырылу нормасы 500 адамға дейін.

      2) Мамлютка қаласы, "Юность" стадионына қарама-қарсы алаңы, Школьная көшесі. Шекті толымдылық нормасы 550 адамға дейін.

      3) Мамлютка қаласы, "Мамлют ұн үктіру комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарама-қарсы алаңы, Скачков көшесі. Шекті толымдылық нормасы 600 адамға дейін.

      4) 1-бағыт: "Мамлют ұн үктіру комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Скачков көшелерімен, Абай Құнанбаев көшесімен, Зоя Космодемьянская көшесімен, Победа көшесімен Достық саябағына дейін. Шекті толтырылу нормасы-600 адам, ұзындығы-1200 метр.

      2-бағыт "Мамлют мәдени орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ғимаратынан Абылай хан көшесімен, Победа көшесімен "Достық" саябағына дейін. Шекті толтырылу нормасы - 510 адам, ұзындығы 800 метр.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 16.01.2023 № 33/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.

      Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы "Соғыс жағдайы туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6-баптарының (бұдан әрі – Заң) талаптарын сақтау қажет.

      Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға жол берілмейді.

      Қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 15 желтоқсандағы
  № 80/14 шешіміне
  2 -қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 15 декабря 2020 года № 80/14. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 декабря 2020 года № 6839

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Признать утратившим силу решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области" от 16 марта 2016 года № 52/9 (опубликовано 4 мая 2016 года в информационно- правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3726).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
А. Кошанов
      Секретарь маслихата Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Р. Нурмуканова

  Приложение 1
  к решению маслихата
  Мамлютского района Северо-
  Казахстанской области
  от 15 декабря 2020 года
  № 80/14

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области

      1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости:

      1) город Мамлютка, площадь коммунального государственного учреждения "Мамлютская школа гимназия № 1" коммунального государственного учреждения "Отдел образования акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области", по улице Сабита Муканова. Норма предельной заполняемости до 500 человек.

      2) город Мамлютка, площадь напротив стадиона "Юность" улица Школьная. Норма предельной заполняемости до 550 человек.

      3) город Мамлютка, площадь напротив товарищества с ограниченной ответственностью "Мамлютский мукомольный комбинат", улица Скачкова. Норма предельной заполняемости до 600 человек.

      4) 1-маршрут: от товарищества с ограниченной ответственностью "Мамлютский мукомольный комбинат" по улице Скачкова, по улице Абая Кунанбаева, по улице Зои Космодемьянской, по улице Победы до парка "Достык". Норма предельной заполняемости -600 человек протяженность 1200 метров.

      2-маршрут: от здания коммунального государственного казенного предприятия "Мамлютский культурный центр" по улице Абылай хана, по улице Победы до парка "Достык". Норма предельной заполняемости - 510 человек протяженность 800 метров.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 16.01.2023 № 33/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2.Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Мирные собрания проводятся в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний. Не допускается проведение мирных собраний в иных местах, за исключением пикетирования.

      Мирные собрания не могут начинаться ранее 9.00 часов и заканчиваться позднее 20.00 часов по местному времени административно-территориальной единицы в день проведения мирных собраний.

      Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Продолжительность пикетирования не должна превышать двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      При введении чрезвычайного, военного положения или правового режима антитеррористической операции на период их действия проведение мирных собраний в специализированных местах может быть запрещено или ограничено в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении", Законом Республики Казахстан от 5 марта 2003 года "О военном положении" и Законом Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "О противодействии терроризму".

      При использовании специализированных мест для проведения мирных собраний организаторам и его участникам необходимо соблюдать требования статьей 5 и 6 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      Отношения, не регулируемые настоящим порядком, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      3. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      Не допускается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.

      Меры по обеспечению общественной безопасности, а также медицинских, пожарных и иных служб безопасности осуществляется государственными органами.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  Мамлютского района
  Северо-Казахстанской области
  от 15 декабря 2020 года № 80/14

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Мамлютскому району Северо-Казахстанской области

      На территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области не допускается проведение пикетирования ближе 400 метров от границы прилегающих территорий:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.