"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 80/14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 33/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 7434 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 80/14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6839 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      1-тармақтың 4) тармақшасында екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-бағыт "Мамлют мәдени орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ғимаратынан Абылай хан көшесімен, Победа көшесімен "Достық" саябағына дейін. Шекті толтырылу нормасы - 510 адам, ұзындығы 800 метр.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют
ауданы мәслихатының төрағасы
Р. Нурмуканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады