Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 наурызда № 6115 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 15/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 09.12.2021 № 15/1 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шал ақын ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының "Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 23/2 шешімінің (2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4657 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
К. Байзаков
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
О. Амрин

О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по району Шал акына

Решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 17 марта 2020 года № 44/7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 26 марта 2020 года № 6115. Утратил силу решением маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 9 декабря 2021 года № 15/1

      Сноска. Утратил силу решением маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 09.12.2021 № 15/1 (вводится в действие с 01.01.2022).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее - Кодекс) и статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" маслихат района Шал акына Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Повысить в десять раз базовые ставки земельного налога, установленные статьей 503 Кодекса, на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по району Шал акына.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по району Шал акына" от 30 марта 2018 года № 23/2 (опубликовано 19 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4657).

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2020 года.

      Председатель
сессии маслихата
района Шал акына
Северо-Казахстанской области
К. Байзаков
      Секретарь маслихата
района Шал акына
Северо-Казахстанской области
О. Амрин