Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 09.12.2021 № 15/1 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шал ақын ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе арттырылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының "Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 23/2 шешімінің (2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4657 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
К. Байзаков |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы |
О. Амрин |