Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 23/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 4657 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 44/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мəслихатының 17.03.2020 № 44/7 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге Кодекстің 503-бабымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасы жер заңнамасына сәйкес Шал ақын ауданы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерге Кодекстің 704-бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Шал ақын аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 шілдеде аудандық "Парыз" газетінде, 2015 жылғы 10 шілдеде аудандық "Новатор" газетінде жарияланды);

      2) "Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" Шал ақын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 46/6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3665 болып тіркелді, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
ХХІІІ сессиясының төрағасы
Ы. Махметова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы
Ө. Әмрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады