Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аудандық бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Сергеевка қаласы әкімі аппаратының және ауданның атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 159 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шал ақын ауданы әкімінің міндетін атқарушысы |
Е.Андреева |