Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аудандық бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Сергеевка қаласы әкімі аппаратының және ауданның атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 159 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте № 4314 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 маусымдағы № 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы əкімдігінің 29.06.2020 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аудандық бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Сергеевка қаласы әкімі аппаратының және ауданның атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібі қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аудандық бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Сергеевка қаласы әкімі аппаратының және ауданның атқарушы органдарының қызметтік куәлігінің сипаттамасы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Есімов

  1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 29 тамыздағы
№ 159 қаулысына

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аудандық бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Сергеевка қаласы әкімі аппаратының және ауданның атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аудан бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған Шал ақын ауданы әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Сергеевка қаласы әкімі аппаратының және атқарушы органдарының (бұдан әрі – ауданның мемлекеттік органдары) қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Ауданның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік куәліктері олардың аудан әкімінің өкімімен, ауылдық округ әкімінің өкімімен, Сергеевка қаласының әкімімен немесе ауданның атқарушы органы басшысының бұйрығымен тағайындалған атқарып отырған қызметін растайтын ресми құжат (бұдан әрі - Куәлік) болып табылады.

      3. Әрекет ету мерзімі өтіп кеткен, түзетілген, тазартылып, тиісінше ресімделмеген куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Куәлікті беру тәртібі

      4. Куәліктерге лауазымды адам қол қояды және ол олардың иелеріне облыстық, аудандық (қалалық) мемлекеттік органдардың барлық құрылымдық бөлімшелеріне кіру құқығын береді.

      5. Куәліктер мына жағдайларда беріледі:

      1) аудан әкімінің қолы қойылған – Е-1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-R-1 санаттағы мемлекеттік қызметшілерге;

      2) ауылдық округ әкімінің қол қойылған – Е-G-1, Е-G-3, Е-G-4 санаттағы мемлекеттік қызметшілерге

      3) ауданның атқарушы органдары басшыларының қолы қойылған – Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5 санаттағы мемлекеттік қызметшілерге.

      6. Куәлік беру тиісті атқарушы органының жауапты қызметкеріндегі арнайы журналға қол қоя отыра жүзеге асырылады.

      7. Қызметке тағайындау туралы аудан әкімінің өкімі, ауылдық округ әкімінің өкімі немесе ауданның атқарушы органы басшысының бұйрығы Куәлік беруге негіз болып табылады.

      8. Кейін жаңа лауазымға тағайындалған немесе лауазымнан босатылған жағдайда, бұрын берілген Куәліктер үш күндік мерзімде тиісті мемлекеттік органының жауапты қызметкеріне қайтарылуы тиіс.

      9. Куәліктің әрекет ету мерзімі – берілген күннен бастап 3 (үш) жыл.

      10. Куәліктің әрекет ету мерзімі аяқталған кезде, мемлекеттік қызметкер атқарып отырған лауазымын сақталған жағдайда, ол 2 (екі) жылға ұзартуға жатады.

      11. Аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімдері мен ауданның атқарушы органдарының басшылары, бағыныстағы қызметкерлерде Куәліктің болуын тоқсанына 1 (бір) рет тексеріп тұруды қамтамасыз етеді.

      12. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі мемлекеттік органның жауапты қызметкеріне дереу жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      13. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша мемлекеттік органның жауапты қызметкері қызметтік тергеп-тексеру туралы өкімнің немесе бұйрықтың шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша атқарушы органның тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      14. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы мемлекеттік органның жауапты қызметкері хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін мемлекеттік органның жауапты қызметкері береді.

      15. Куәлік бланкілері қатаң есепке алынатын бланкілер болып табылмайды.

      16. Куәлік бланкілерін берудің есебін мемлекеттік органның жауапты қызметкері нөмірленген, тігілген және мемлекеттік органның мөрі қойылған арнайы басталған есеп журналында (бұдан әрі – есеп журналы) жүргізеді.

      Есеп журналында келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) реттік тіркеу нөмірі;

      2) берілген күні;

      3) алушының аты-жөні;

      4) лауазымы;

      5) алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтері;

      6) Куәлік берген қызметкердің қолы;

      7) алушының қолы;

      8) өзге де мәліметтер (қайтару, жоғалту және т.б.).

      17. Куәліктерге нөмір оның есеп журналындағы реттік нөміріне сәйкес беріледі.

      Есеп журналындағы нумерация ретімен қойылады.

      18. Куәліктердің таза және бүлінген бланкілері, қайтарылған Куәліктер және есеп журналы отқа күймейтін сейфте сақталады.

      19. Куәліктердің пайдаланылмаған, бүлінген бланкілері, сондай-ақ тапсырылған Куәліктер қажеттігіне қарай, еркін нысандағы тиісті акт жасала отыра, жиналуына қарай әлсін-әлсін жойылып тұрады.

      Жою актісін атқарушы органының басшысы бекітеді.

      20. Қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда, Куәлік бұл туралы есеп журналына белгі соғыла отыра тапсырылады.

      21. Жұмыстан босатылған кезде Куәлік жоғалған жағдайда, Куәлік берудің есебін жүргізетін тұлға Куәлік иесінің түгендеу парағына тиісті белгі қояды.

  2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
ауданы әкімдігінің 2017 жылғы
29 тамыздағы № 159 қаулысына

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы аудандық бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған аудан әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Сергеевка қаласы әкімі аппаратының және ауданның атқарушы органдарының қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәліктің мұқабасы өлшемі 19 х 6,5 сантиметр (ашылған күйде) болатын қызыл немесе қою қызыл түсті сапасы жоғары былғары алмастырғыштан жасалады.

      2. Куәліктің беткі жағының дәл ортасына алтын түспен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, төменірек типографиялық әріппен "КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген жазба жазылған.

      3. Куәліктің ішкі жағындағы ақшыл аяда шеңбер ішінде күн мен қалықтап тұрған қыранның жасырын нысанын пайдалана отыра, көгілдір түсті қорғағыш тангир жапсырылған. Жоғарғы бөлігінде "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі", "Акимат района Шал ақына Северо-Казахстанской области" деген жазбалар орналастырылған.

      4. Сол жақта: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның астында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген және қазақ тіліндегі мәтін орналасқан. Төменде куәліктің әрекет ету мерзімі көрсетіледі.

      5. Оң жақта: мөлшері 2,5 х 3,5 сантиметр өлшеміндегі фотосурет (анфас, түрлі-түсті), сәйкесінше аудан әкімінің, ауданның атқарушы органы басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған орыс тіліндегі мәтін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады