"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 144 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3126 болып тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 19 наурызда жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 11, 12 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Махамбет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Н. Қалиев) жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Махамбет ауданының әкімі | Ж. Ахметов |