"Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 144 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 186 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 тамызда № 4711 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 144 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3126 болып тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 19 наурызда жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 11, 12 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Махамбет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Н. Қалиев) жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Махамбет ауданының әкімі Ж. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады