"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушысының 2020 жылғы 09 желтоқсандағы № 14-11/294 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4783 санымен тіркелген, 2020 жылғы 09 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауылдық округінің әкімі | С. Жумагалиев |