"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 22 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 32 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 4822 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушысының 2020 жылғы 09 желтоқсандағы № 14-11/294 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4783 санымен тіркелген, 2020 жылғы 09 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық ауылдық округінің әкімі С. Жумагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады