Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 22 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 қарашада № 4783 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 32 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 15.12.2020 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 30 қазандағы № 14-11/267 ұсынысы негізінде Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылы, Махамбет көшесі, № 31 үй тұрғыны У. Абуованың түйе малдарынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты мал ауласына шектеу іс шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық ауылдық округінің әкімі С. Жумагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады