"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 02 маусымдағы № 09-10/99 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елтай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 23 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 4617 тіркелген, 2020 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Дүйшім |