Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 25.06.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Индер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 09-10/50 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елтай ауылдық округі, Аққала ауылы, Қ. Жұмалиев көшесі, № 23 үйге мүйізді ірі қара мал арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Атырау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Индер аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Е. Дүйшім |