Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 100 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2014 жылдың 19 мамырында № 2661 тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2014 жылдың 28 мамырында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміндегі тақырыбында және 1 тармағында көрсетілген "Оңтүстік Қазақстан облысындағы" деген сөздер "Түркістан облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміндегі қосымшасы осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміне сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы және шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р. Танирбергенов |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін
№ | Аудан және қала атаулары | Жер учаскесінің көлемі (гектар) | Оның ішінде | ||
жайылым | тәлімі егістік | суармалы егістік | |||
1 | Арыс қаласы | 26 | 15 | 10 | 1 |
2 | Бәйдібек ауданы | 37 | 30 | 5 | 2 |
3 | Жетісай ауданы | 4 | 3 | - | 1 |
4 | Келес ауданы | 27 | 20 | 6 | 1 |
5 | Кентау қаласы | 26,5 | 20 | 5 | 1,5 |
6 | Қазығұрт ауданы | 27 | 15 | 10 | 2 |
7 | Мақтарал ауданы | 4 | 3 | - | 1 |
8 | Ордабасы ауданы | 26,5 | 15 | 10 | 1,5 |
9 | Отырар ауданы | 55 | 50 | - | 5 |
10 | Сайрам ауданы | 6 | 3 | 2 | 1 |
11 | Сарыағаш ауданы | 16 | 10 | 5 | 1 |
12 | Созақ ауданы | 62 | 50 | 11 | 1 |
13 | Төлеби ауданы | 6 | 3 | 2 | 1 |
14 | Түлкібас ауданы | 26,5 | 15 | 10 | 1,5 |
15 | Шардара ауданы | 36 | 30 | - | 6 |