"Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 52/539-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 17 қарашадағы № 232 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 18 қарашада № 5891 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 100 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2014 жылдың 19 мамырында № 2661 тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2014 жылдың 28 мамырында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміндегі тақырыбында және 1 тармағында көрсетілген "Оңтүстік Қазақстан облысындағы" деген сөздер "Түркістан облысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміндегі қосымшасы осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешіміне сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы және шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Р. Танирбергенов
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

  Бірлескен Түркістан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы "17"
қарашадағы № 232 қаулысы
мен Түркістан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
"11" қыркүйектегі № 52/539-VI
шешіміне қосымша
  Бірлескен Оңтүстік
Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 28
сәуірдегі № 100 Оңтүстік
Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы
15 сәуірдегі № 26/210-V
шешіміне қосымша

Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін

Аудан және қала атаулары

Жер учаскесінің көлемі (гектар)

Оның ішінде

жайылым

тәлімі егістік

суармалы егістік

1

Арыс қаласы

26

15

10

1

2

Бәйдібек ауданы

37

30

5

2

3

Жетісай ауданы

4

3

-

1

4

Келес ауданы

27

20

6

1

5

Кентау қаласы

26,5

20

5

1,5

6

Қазығұрт ауданы

27

15

10

2

7

Мақтарал ауданы

4

3

-

1

8

Ордабасы ауданы

26,5

15

10

1,5

9

Отырар ауданы

55

50

-

5

10

Сайрам ауданы

6

3

2

1

11

Сарыағаш ауданы

16

10

5

1

12

Созақ ауданы

62

50

11

1

13

Төлеби ауданы

6

3

2

1

14

Түлкібас ауданы

26,5

15

10

1,5

15

Шардара ауданы

36

30

-

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады