Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 26/210-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 100 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 мамырда № 2661 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Түркістан облыстық мәслихатының 11.09.2020 № 52/539-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.11.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облыстық мәслихатының 11.09.2020 № 52/539-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.11.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Л.Тәшімов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Ә.Бектаев
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы "28"
сәуірдегі № 100 және
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2014 жылғы "15"
сәуірдегі № 26/210-V бірлескен
қаулысы мен шешіміне қосымша

Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 11.09.2020 № 52/539-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.11.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Аудан және қала атаулары

Жер учаскесінің көлемі (гектар)

Оның ішінде

жайылым

тәлімі егістік

суармалы егістік

1

Арыс қаласы

26

15

10

1

2

Бәйдібек ауданы

37

30

5

2

3

Жетісай ауданы

4

3

-

1

4

Келес ауданы

27

20

6

1

5

Кентау қаласы

26,5

20

5

1,5

6

Қазығұрт ауданы

27

15

10

2

7

Мақтарал ауданы

4

3

-

1

8

Ордабасы ауданы

26,5

15

10

1,5

9

Отырар ауданы

55

50

-

5

10

Сайрам ауданы

6

3

2

1

11

Сарыағаш ауданы

16

10

5

1

12

Созақ ауданы

62

50

11

1

13

Төлеби ауданы

6

3

2

1

14

Түлкібас ауданы

26,5

15

10

1,5

15

Шардара ауданы

36

30

-

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады