Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 92 "Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 253 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 5952 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 16 қарашадағы № Б-667 хаттамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 92 "Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың:

      2) тармақшасындағы:

      "62 440 000 000" (алпыс екі миллиард төрт жүз қырық миллион) теңге деген сандар "64 270 480 000" (алпыс төрт миллиард екі жүз жетпіс миллион төрт жүз сексен мың) теңге деген сандармен ауыстырылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.С.Сабитовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      А.С. Сабитов
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б.Тасыбаев

      "Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 92 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына

О внесении изменения в постановление акимата Туркестанской области от 13 апреля 2020 года № 92 "Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Туркестанской области"

Постановление акимата Туркестанской области от 15 декабря 2020 года № 253. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 15 декабря 2020 года № 5952

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", протоколом заседания Межведомственной комиссии по вопросам занятости населения от 16 ноября 2020 года № Б-667, акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Туркестанской области от 13 апреля 2020 года № 92 "Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Туркестанской области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5563, опубликовано 20 апреля 2020 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в пункте 1:

      в подпункте 2):

      цифры "62 440 000 000" (шестьдесят два миллиарда четыреста сорок миллионов) тенге заменить цифрами "64 270 480 000" (шестьдесят четыре миллиарда двести семьдесят миллионов четыреста восемьдесят тысяч) тенге.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Туркестанской области" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Туркестанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Сабитова А.С.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области У. Шукеев
      Жетписбай А.Ш.
      Тургумбеков А.Е.
      Калкаманов С.А.
      Мырзалиев М.И.
      Сабитов А.С.
      Тажибаев У.К.
      Абдуллаев А.А.
      Тасыбаев А.Б.

      К постановлению акимата Туркестанской области от "___"____________ 2020 года №____ "О внесении изменения в постановление акимата Туркестанской области от 13 апреля 2020 года № 92 "Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Туркестанской области"