Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 92 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 14 сәуірде № 5563 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" және 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 наурыздағы "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 126 қаулысының 15 тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 64 270 480 000 (алпыс төрт миллиард екі жүз жетпіс миллион төрт жүз сексен мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай кезеңде айқындалған іс-шраларын қаржыландыру.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 15.12.2020 № 253 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Е.Аманбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады