"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 59/362-VI "Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5723 тіркелген, 2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтағы "бекітілсін" деген сөз "айқындалсын" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Қазығұрт аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Жылкыбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Копеев |