"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі № 178/А мекенжайы № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңы болып айқындалсын.
2. Қазығұрт ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесімен, Д.Қонаев көшесінің Б.Майлин көшесімен қиылысы, Д.Қонаев көшесінің С.Рақымов көшесімен қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 28.08.2020 № 61/377-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Қазығұрт ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
5. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 44/282-VI "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2019 жылғы 30 сәуірде № 5017 тiркелген және 2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. "Қазығұрт аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Ә. Қожахан |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Копеев |
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 59/362-VI шешіміне 1-қосымша |
Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Қазығұрт аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі
№ | Арнайы орын атауы | Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі | Шекті толу нормалары |
1. | № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңы |
-көше жарығы; | 200 адам |
Қазығұрт ауданы әкімдігінің өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;
периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;
Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын, пайдалануды;
БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу, фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);
бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;
Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесімен, Д.Қонаев көшесінің Б.Майлин көшесімен қиылысы, Д.Қонаев көшесінің С.Рақымов көшесімен қиылысына дейінгі аралықтағы шеру бағытымен танысу.
Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:
өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;
ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 59/362-VI шешіміне 2-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:
1. Жаппай жерлеу орындарында;
2. Теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;
5. Қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6. Магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.