"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқытық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірлескен Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 33/219-V шешімі және Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 5 қаулысы "Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 1 тамызда № 2753 тіркелген, 2014 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен Қазығұрт аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:".
2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешім Қазығұрт ауданы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Телгараев |
Сессия төрағасы | С. Тургараев |
Мәслихат хатшысы | У. Копеев |