"Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы" бірлескен Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 33/219-V шешімі және Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 65/395-VI бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 27 қарашадағы № 3 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 қарашада № 5916 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқытық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бірлескен Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 33/219-V шешімі және Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 5 қаулысы "Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 1 тамызда № 2753 тіркелген, 2014 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен Қазығұрт аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:".

      2. "Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешім Қазығұрт ауданы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Телгараев
      Сессия төрағасы С. Тургараев
      Мәслихат хатшысы У. Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады