"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар ауданының мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/266-VI "Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5718 тіркелген, 2020 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 тармағындағы "бекітілсін" сөзі "айқындалсын" сөзімен ауыстырылсын.
2. "Отырар ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданының | |
мәслихатының сессиясының төрағасы | Б. Байымбетов |
Отырар ауданының | |
мәслихатының хатшысы | М. Манапов |