Отырар ауданының мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/266-VI "Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 58/276-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 5786 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Отырар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауданының мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/266-VI "Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5718 тіркелген, 2020 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 тармағындағы "бекітілсін" сөзі "айқындалсын" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Отырар ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының
      мәслихатының сессиясының төрағасы Б. Байымбетов
      Отырар ауданының
      мәслихатының хатшысы М. Манапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады